KAZ Minerals тобының дерегінше, ол бағананың құлауы салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада тағы бір жұмысшы мерт болды
677
оқылды

1 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстан облысындағы "Артемьевская" шахтасында мердігер ұйымның кеншісі қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып, арнайы тергеу комиссиялары құрылды.

Айта кетейік, 2024 жылғы 31 тамызда сағат 17:30 шамасында Ертіс кенішінде тіршілік белгілерінсіз төрт адам табылды – екі шахта жұмысшысы және екі мердігер қызметкер. Алдын ала себеп – газдан улану.

31 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті төрт жұмысшының өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі "Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.