Оқиға куәгерлері полицейді әлдекім пышақтап кеткенін айтады.
Астанада полицейге қарулы шабуыл жасалды
3,700
оқылды

1 қыркүйекте қызмет бабы барысында полицейге шабуыл жасалды. Пышақ жарақатын алған құқық қорғау органы өкілі бірден ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Алдымен әлеуметтік желіде оқыс оқиғаның видеосы жарияланды. Видеода бейтаныс ер адамның оқиға орнынан қашып бара жатқанын, ал жерде полицейдің сұлап жатқанын көруге болады. 

Оқиға куәгерлері полицейді әлдекім пышақтап кеткенін айтады. Аталған оқиғаға қатысты Zakon.kz сайтына Астана қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

"1 қыркүйекте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін атқарушы патрульдік полиция полкінің инспекторына сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам шабуылдап, арқасына пышақ тыққан. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 380-бабы, яғни "Билік өкіліне қатер төндіру немесе зорлық-зомбылық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметінен.

Күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.