Атырау облысында абақты бастығы тергеуге алынды.
Атырау облысында абақты бастығы пара алу кезінде ұсталды – БАҚ
Фото: "Ақ Жайық"
988
оқылды

Атырау облысында абақты бастығы тергеуге алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тергеу изоляторының бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының қандай бап бойынша жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Айта кетейік, 25 тамыз күні БАҚ-та құқық қорғау органдары қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол ҚАЖК №75 мекемесі бастығының міндетін атқарушы болып шықты.

ҰҚК оның жекеменшік моншада 500 мың теңге көлемінде пара алу кезінде (жартысын соның алдында алған) ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығармады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.