Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың төрт жылға сотталған туыс інісі Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа берген өтінішін қайтарып алды, сол себепті ол қаралмайтын болды.
Бишімбаевтың інісі сотқа берген өтінішін қайтарып алды
605
оқылды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың төрт жылға сотталған туыс інісі Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа берген өтінішін қайтарып алды, сол себепті ол қаралмайтын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Жоғарғы сот хабарлады.

"26 тамызда Байжанов сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішін қайтарып алды, сондықтан өтініш алдын ала қаралмайды. Өтінішті қайтару туралы бұйрық 2024 жылғы 4 қыркүйекте шығады, - делінген сот таратқан хабарламада.

Өтінішті не себепті кері қайтарып алынғаны нақтыланбаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.