Жаңбыр, қар, тұман: 3 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Республика бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 3 қыркүйекте болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанып, түнде елдің шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбырдың арты қарға ауысуы мүмкін. Елдің қалған бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының орталығында, Қызылорда облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.