Коронавирус инфекциясының жағдайы жіті бақылауда.
15 қыркүйектен бастап карантин шектеулері енгізілетіні рас па?
1,014
оқылды

Әлеуметтік желілердегі 15 қыркүйектен бастап карантин шектеулері енгізіліп, барлығына бетперде тағу міндеттеледі деген ақпарат жалған болып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау комитеті мәлімдеді.

– ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының  эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес, осы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді, – делінген ресми хабарламада.

Осы ретте, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардан ресми ақпарат көздеріндегі сенімді мәліметке ғана сенуді сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.