Олар Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарының аумағында мал ұрлаған. 3 күдіктінің екеуі бұрын сотты болған.
Түркістан облысының 3 ауданында мал ұрлаған барымташылар ұсталды
Фото: polisia.kz
667
оқылды

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.


Олар Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарының аумағында мал ұрлаған. 3 күдіктінің екеуі бұрын сотты болған.

«Бүгінде жедел уәкілдер шығыны 7 миллион теңгеге жуық болатын мал ұрлығының 10-нан астам фактісіне қатысы барын анықтады. Күдіктілер көбіне сиыр мен қой ұрлаған. Содан кейін ұрланған малды Шымкент қаласына өткізіп отырған. Полицейлер тінту шараларын жүргізу кезінде ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеп алып, заңды иелеріне қайтарып берді», – деп хабарлады ПД.

Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.