Балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова жәбірленушінің анасына хабарласып, баланың жағдайын сұраған.
Павлодарда бапкер 10 жастағы қызды зорламақ болған: Балалар омбудсмені пікір білдірді
фото: egemen.kz
614
оқылды

Павлодар облысы бойынша балалар құқығы жөніндегі уәкіл футбол жаттықтырушысы 10 жасар қызды зорлады деген оқиғаға қатысты пікір білдірді,  – деп хабарлайды   Aikyn.kz.

Балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова жәбірленушінің анасына хабарласып, баланың жағдайын сұраған.

"Полиция қызметкерлерінің әрекеті құрметке лайық, қыздың анасы риза. Полицейлер жедел әрі сауатты, мүмкіндігінше дұрыс әрекет етті дейді. Мен өз тарапымнан анасына 10 жасар қызының қорықпай, бәрін айтып, сол арқылы бір емес, бірнеше баланы аман алып қалған қылығына таңданысымды білдірдім! Мен үшін бұл – ерлік! Мұндай батырлық кез келген ересек адамның қолынан келе бермейді! Сондай-ақ көпбалалы анаға қызына берген тәрбиесі үшін алғыс айттым. Өйткені ата-ана өздеріне деген сенім деңгейін қалыптастырған, соның арқасында балалар отбасында өзін қауіпсіз сезінеді", – деп жазды Павлодар облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова әлеуметтік желіде.

Сараптама тікелей жыныстық қатынас болмағанын көрсеткен. Алайда бапкер кәмелетке толмаған қызға тиісіп, өзінің әурет жерлерін ұстатқан. Қызды қонақүйге апарып, содан кейін үйіне апарып тастаған.

Қазір ол қамауға алынды.

Еске салсақ, Павлодарда футбол бапкері 10 жасар қызды зорламақ болғанын жазған болатынбыз

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.