Оқиға Нұрлытау шағынауданында тұрған автокөлік ішінде болған.
Алматыда басына оқ тиген ер адамның мәйіті табылды
фото: Halyq Uni
690
оқылды

Алматыда басына оқ тиген ер адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

 

Оқиға Нұрлытау шағынауданында тұрған автокөлік ішінде болған.

«Өз-өзіне қол салуға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталуда»,  деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.