2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстанда жаңа жылдан бастап еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы мөлшері өседі
8,811
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2025 жылы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы" Үкімет қаулысын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 6,5% артады", - делінген қаулыда.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.