Димашты Украинада тыңдармандары қазақша қарсы алды
Димашты Украинада тыңдармандары қазақша қарсы алды
© сурет интернеттен алынды
251
оқылды
Еуропаның 11 қаласында жеке ән кешін өткізуді жоспарлаған Димаш бүгін Киевте өнер көрсетеді, - деп хабарлады nege.kz. Украинаға ұшып келген өнер иесін Қазақстанның осы елдегі елшілігі, қазақ диаспора өкілдері мен Украинадағы әншінің фан-клуб мүшелері «Димаш кохаэмо» деген ұранмен күтіп алды. Украинаның кохаэмо сөзі қазақ тілінде «біз сені жақсы көреміз» деген мағына береді. Жанкүйерлерінің бірі гүл, енді біреулері ұлттық нақышта кестелегенген көйлек сыйлады. Ал Украина әуежайы болса, Димашты қазақ тілінде қарсы алды. Айта кетейік, Димаш бүгін он мың адамға шақталған спорт сарайында концерт береді. Билеттер күн бұрын толық сатылып кеткен.