Қайғылы оқиға 2 қыркүйек күні түнде болған.
Ақтөбеде 9-сынып оқушысы төбелестен кейін көз жұмды
1,610
оқылды

Ақтөбе облысында оқушылар арасында төбелес болып, салдарынан 9-сынып оқушысы көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға 2 қыркүйек күні Темір ауданы Кеңесту ауылында болған. Қаза тапқан оқушы Қопа орта мектебінде оқыған.

Diapazon.kz мәліметінше, төбелес түнгі уақытта болған. Облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

– Темір аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған жасөспірімнің қайтыс болу  фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ПД өкілдері.

Қайтыс болған бала мен күдікті оқушылардың отбасылары әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешқандай есепте тұрған жоқ.