Өнер иесі жаңа бейнебаянына ұлының әкесін түсірген еді. Алайда әнші күйеуімен қосылмағанын айтты.
"Сүйіктісінің жолы болары анық": Дильназ Ахмадиева ұлының әкесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: https://www.instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/
4,151
оқылды

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева ұлының әкесімен қайта қосылмағанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі жаңа бейнебаянына ұлының әкесін түсірген еді. Алайда әнші күйеуімен қосылмағанын айтты. 

“Біз қосылған жоқпыз. Бірақ дәл осы ер азаматтың баласын дүниеге әкелгеніме қуаныштымын. Ол өте ақылды, өнерлі адам. Оның бойында маған ұнайтын қасиет өте көп. Біз жұбымызды сақтап қала алмадық. Бірақ оның сүйіктісінің жолы болары анық. Әзілхан, саған бар жақсылықты тілеймін. Сені бауырымдай қатты жақсы көремін", – деп жазды әнші. 

Еске салайық, өнер иесінің бұрынғы күйеуімен қайта қосылғанын продюсер Жан Мұқанов жария еткен болатын. 

“Әлеуметтік желіге кірмегелі көп болды. Сол себепті мына жарасымды жұптың қосылғаны туралы жаңалықты жіберіп алыппын. Дильназ, сені ұзақ уақыт танимын. Сен бір сүйсең, қатты сүйетін адамсың. Оны жақсы білемін. Сендерге тек қана бақыт тілеймін", – деп жазған еді продюсер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.