Кастинг 6-8 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтеді.
Баян Алагөзова «Қазақ аруы» байқауына кастинг жариялады
Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy
1,054
оқылды

Өнер жолындағы талай қыздың жолын ашқан «Қазақ аруы» байқауы биыл да жалғасатын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы жобаның продюсері Баян Алагөзова өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.

"Кезінде жас Гүлназ Жоланова да кастингке өзіне, арманына деген үлкен сеніммен келген еді. Біз сізді күтеміз!", – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Кастинг 6-8 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтеді.

Байқау талаптары:

Қазақ тілін жетік білу;

16-22 жас аралығында болу;

Бойы 170 см-ден жоғары болу;

Сұлу да сымбатты, ақылды әрі дарынды болу.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.