Осы тұста продюсер, қоғам белсендісі Лека Савельева әуекомпания президенті Питер Фостерге үндеу жолдап, болған жағдай үшін кешірім сұрауын талап етті.
Air Astana халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға дөрекілік танытты
Фото: facebook / Лека Савельева
837
оқылды

Air Astana әуекомпаниясы Астанадан Алматыға ұшпақ болған халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға дөрекілік көрсеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы тұста продюсер, қоғам белсендісі Лека Савельева әуекомпания президенті Питер Фостерге үндеу жолдап, болған жағдай үшін кешірім сұрауын талап етті.

"3 қыркүйек күні сағат 10.30-да Астанадан Алматыға ұшатын Air Astana әуекомпаниясының 852 рейсінде жайсыз оқиға болды. Аты аңызға айналған әнші, КСРО халық әртісі және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға Air Astana қызметкерлері ұшаққа отырғызу кезінде дөрекілік көрсетті", – деп жазды Лека Савельева Facebook парақшасында.

Әуекомпанияның қызметкерлеріне Бибігүл Ахметқызының денсаулығы сыр беретіні, яғни омыртқасында ақау бар екені хабарланған. Арбаға таңылған өнер иесін қызы шығарып салмақ болған. Бірақ кенеттен оларды Air Astana қызметкері тоқтатып, арбадағы жолаушылар бірінші болып отырғызылатынын, ал кешіккен жағдайда соңғы жолаушының өткенін күту керек екенін айтқан.

"Бибігүл Ахметқызы арбамен тек ұшақтың кіребірісіне дейін ғана барып, ары қарай ешкімге кедергі келтірмей орнына жайғасқысы келді. Оның үстіне, сол уақытта топырлаған жолаушы да болмады. Арбамен оңай әрі тез өтіп кетуге мүмкіндік болды", – деп жазылған хатта.

Халық әртісі Астананың Құрметті азаматы екенін де алға тартқан.

"Қызметкер мұның бәрін білетінін айтып, ереже адамның мәртебесіне, жасы мен лауазымына қарамастан бәріне бірдей қолданылатынын, өте қатал әрі дөрекі түрде жеткізген. Осылайша, қызметкерден оның бастығының кім екені және онымен қалай байланысуға болатынын сұраған. Ол бұл жерде өзі жауапты бастық екенін, ал қалған басшылық Алматыда, сондықтан барлық шағым сонда түсетінін айтқан", – деп жазады Лека Савельева.

Ол Air Astana әуекомпаниясынан үлкендерге құрмет көрсетуді үйреніп, өнер иесінен кешірім сұрауын талап етіп отыр.

"Эйр Астана, сіздердің тараптан Бибігүл Ахметқызы Төлегеноваға беретін түсініктемелеріңіз бен кешірім сұрауларыңызды күтеміз! Әрбір жолаушы құрмет пен ілтипатқа лайық. Әлде сіздерде басқа да ережелер бар ма?", – деді Савельева.

Әуекомпанияның баспасөз қызметі продюсердің үндеуіне жауап берді. Әйтсе де, олар халық әртісіне құрмет танытқанымен, кешірім сұраған жоқ.

"Әуе қауіпсіздігінің халықаралық ережелеріне сай, арбада отырған жолаушылар ұшаққа ең бірінші болып немесе ең соңында мінеді. Яғни, осы ереже жолаушылардың бәрі үшін ыңғайлы, сондай-ақ терминалдан эвакуациялау ережелеріне сай. Біздің қолымыздағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен оның қызы жолаушылар ұшаққа міне бастағанда келген. Сондықтан әуекомпаниясының агенті жолаушылар мініп алғанша күте тұрыңыздар деген. Әуекомпаниясы осы оқиғаның болғанына қатты өкінеді және қызмет сапасын жақсарту үшін қосымша тексеріс жүргізеді", – деп жазған компания.

 

Бибігүл Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында туған. 70 жылдан астам шығармашылық жолында Бибігүл Ахметқызы 100 опера партиясын орындап, «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігеріміз», «Бұл Шұғылада болған еді», «Тақиялы періште» секілді фильмдердің әндерін орындады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.