Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, орталықта тұман болады.
Жаңбыр, тұман, 1 градус үсік: 5 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
1,742
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 5 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР басым бөлігінің атмосфералық фронтальды бөлімдерінің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады. Елдің батысында ғана антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, орталықта тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысыының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.