Бұрынғы депутат 6 баланың әкесі екенін айта келе, Азат Перуашевтың мәлімдемесін жоққа шығарды.
"Орынбасары пара берген": экс-депутат Садықов Азат Перуашев туралы өз шындығын айтты
Фото: parlam.kz
1,087
оқылды

Әріптес әйелге ұятсыз ұсыныс жасағаны үшін жұмыстан қуылды деген Асқар Садықов желіде қазақстандықтарға үндеу жасап, ақталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бұрынғы депутат 6 баланың әкесі екенін айта келе, Азат Перуашевтың мәлімдемесін жоққа шығарды.

«Мені өзіңіздің лас ойыныңызға араластырмаңыз. Манипуляция жасамаңыз. Мен енді үндемей қала алмаймын. Жасалған мәлімдеме партия басшысының деңгейіне сай емес, дегенмен Азат Перуашев халықты талай адастырған, оның жұмыс істеу стилі сондай.

Азат Перуашев сізге айтарым, егер мені партиядан шығарып жібергіңіз келген болса, менің абыройымды түсіретін лас айыптар тақпай, басқа дәлелдер келтірсеңіз болар еді. Егер сіздің айтқаныңыз рас болса, сіз мұны әуелі менімен және партия мүшелерімен мамыр айында талқылар едіңіз», – деді ол.

Айтуынша, болған жағдай мәжілістің тәртіптік кеңесінде талқыланбаған.

«Қазір мен де басқа азаматтар сияқты осы хабарды естіп төбемнен жай түскендей болып отырмын. Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында сіздің бүкіл жалған мәлімдемелеріңіз елге белгілі. Соған қарағанда Азат Перуашев өзінің орынбасарының Ұлттық гвардияның генералына пара бергені туралы ақпаратты жасырып қалғысы келіп, ақпарат ауанын маған бұруға тырысқан сияқты. Азат Перуашев сіз мақсатыңызға жеттіңіз», – дейді экс-депутат.

Еске салайық, кеше «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев депутаттық мандатынан айырылған Асқар Садықовты Парламентте істейтін әйелге жыныстық бопса жасаған деп айыптаған болатын.

Ал кеше, 4 қыркүйек күні кешке Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкинді қолға түсірген болатын

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.