Осы факті бойынша бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оқушы өлімі: Ақтөбеде тағы бір оқушы күдікке ілігіп, қамауға алынды
Фото: pexels.com
644
оқылды

Темір ауданы Қопа ауылындағы 9-сынып оқушысының өлімінен соң алдымен екі жасөспірім қамалды. Қазіргі кезде тағы бір кәмелетке толмаған бала күдікке ілікті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті тағы бір адамның күдікке іліккенін хабарлады.

– Темір ауданының Қопа ауылында кәмелетке толмағандар арасында қақтығыс болып, 9-сынып оқушысы қайтыс болды. Осы факті бойынша бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Кезекші тәулікте осы оқиғаның барлық қатысушыcы анықталды. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыстық іс Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің өндірісіне қабылданды. Процессуалдық прокурор тағайындалды. Қазіргі уақытта объективті және жан-жақты тергеу шаралары атқарылуда. Кәмелетке толмаған үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әлеуметтік мәртебесіне, туыстық байланыстарына қарамастан, барлық кінәлі адам жауапқа тартылады. Қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. Тергеу барысы Полиция департаменті бастығының бақылауында, – деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2 қыркүйек күні оқушылар төбелесіп, бір жасөспірім көз жұмды. 

Осы оқиғадан соң арнайы жұмыс тобы құрылды. Сол күні мектеп директоры жұмыстан шығарылды. 

– Мектеп директоры оқиға болғанға дейін отбасы жағдайына байланысты жұмыстан босату жөнінде арыз жазған. Сол себептен өз еркімен жұмыстан шықты, – деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.