Барлық 9 147 өтініш берушіге жалпы сомасы 53,5 млрд теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді.
Су тасқынынан зардап шеккен 7 393 отбасына жаңа баспана берілді
604
оқылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет су тасқыны салдарын жою және зардап шеккендердің тұрғын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

Биылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша 7 393 отбасы зақымданған мүлкінің орнына жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды, оның ішінде 5 313 нысан сатып алынды, 2 080 үй салынды.

Барлық 9 147 өтініш берушіге жалпы сомасы 53,5 млрд теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді.

Сонымен қатар 34 247 отбасына 12 627,7 млн теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді. Бірінші қажеттіліктегі жоғалған заттарын сатып алу үшін 9 994 млн теңгеге 21 880 отбасына 150 АЕК-ке дейінгі көлемде қосымша төлем берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.