Жиынға қатысқан 20 облыстық федерация мен спорттық ұйымдардың өкілдерінен ұсынылған кандидатураны 14 адам қолдады.
Таеквондо федерациясының президенті сайланды
633
оқылды

6 қыркүйек күні Астанада Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы мүшелерінің кезектен тыс жиналысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қарастырылып, Федерацияның жаңа президенті сайланды, – деп жазады Olympic.kz. 

Жиынға қатысқан 20 облыстық федерация мен спорттық ұйымдардың өкілдерінен ұсынылған кандидатураны 14 адам қолдады. Нәтижесінде Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті ретінде Шамиев Кудрәт Игнатұлы сайланды.

«Жеке мақсаттарымның жетегінде емес, ел мүддесі үшін осы қызметке келіп отырмын. Алда Лос-Анджелес Олимпиадасы бар, бірақ біздің жұмыс стратегиямыз бір Олимпиадалық кезеңмен шектелмей, 20 жылға бағыт-бағдарымыз айқын болуы тиіс. Әр спортшының толыққанды дайындығы үшін қажеттінің барлығын ұсынып, кез келген деңгейдегі жарысты әділ өткізу – бізге артылған аманат деп білемін. ҚР Туризм және спорт министрлігі және Ұлттық Олимпиада Комитетімен бірге бір жұдырықтай жұмылып жұмыс істейміз», – деді Шамиев өз сөзінде.

Айта кетелік, Шамиев бұл қызметте Вячеслав Кимді алмастырған болатын. 

Анықтама: Шамиев Кудрәт Игнатұлы – кәсіпкер-меценат, 34 жаста, Азия-Тынық мұхиты технология және инновациялар университетінде «халықаралық бизнесті басқару» мамандығы бойынша білім алған, еңбек өтілі 12 жыл, қазіргі уақытта «Integra Construction KZ» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, 2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.