Ертең көптен күткен, төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі доданың алғашқы ойындары өтеді. Жоспарланған кес­теге сәйкес, бүгін этноауылдың ашылу салтанатында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Астана – көшпелілердің астанасы» атты театрландырылған қойылым ұсынылады.
Көшпенділер ойыны ұлттарды жақындастырады
846
оқылды

Ал бір аптаға созылатын нағыз көшпелі халықтардың ойындарына негізделген спорт­тық жарыс бұрынғысынан несімен ерекшеленеді? Қазақстандық спортшылар мен ойындардың нақты ста­­­­­тис­­­­тикалық көрсеткіштерінде өзгерістер бар ма? Көшпенділер ойыны жүлдеге таласатын спорттық олимпиада ма немесе тарихи тамыры ұқсас елдердің басын қосатын фестиваль ма?

Соңғысы Түркияда өткен ІV Көш­­­­пенділер ойындарында Қазақ­стан құрамасы сапында 200-ден астам спортшы қатысып, спорттың 13 спорт түрінен ел намысын қорғаған болатын. Нәтижесінде, қазақстандық спортшылар 9 медальды қоржынға салды. Көш­­­­­­пен­ділер өркениеті мұрасын сақтауға әрі оны қайта жаң­­­ғыртуға арналған шара биыл Қазақстанда тұңғыш рет өтіп жатыр. Ойынның жаңа жылында қатарға тағы басқа да спорт түрлерінің қо­­­­­­сылғанын айта кету керек. Мәселен, тоғызқұмалақ ойыны көш­­пенділер ойындарының бағдар­ламасына ең алғаш енген спорт түрі болса, бес асық ойыны биыл бірінші рет жарыс қатарына қосылып отыр. Сондықтан оған дайын­дықтық барысы жоғары деңгейде өтуде. Осы жылғы көш­пенділер ойынына ар­найы 5 оқу-жаттығу жиыны Алматы, Шым­кент, Щучинскі қалаларында және Қыр­­­ғызстанда өтті. Ал биыл бесінші рет ойналатын тоғыз­құмалақ ойынына қатысу­шылардың бәрі – көш­­пенділер ойынының алғашқы ойыншылары.

 «Тоғызқұмалақ – ойыны бағ­дарламаға алғашқы ен­ген спорт түрлерінің бірі. Қырғызстанда өткен­­діктен, «тогуз коргоол» деген атаумен өтті. Бізде жыл басынан бе­рі көш­­­­пенділер ойын­­­­дарына іріктеу болды. Іріктеуден үздік шық­­қан­дар алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркия еліндегі Ыстанбұл қаласында өткізді. Яғни, біз бұл жиында түрік­­термен өзіміздің тәжіри­­­беле­­­рімізбен алмастық. Ол деге­­німіз – өзіміздің тоғыз­­құмалақтағы әдіс­­­те­­рімізбен бөліссек, олар бізге өз­дерінің ұлттық ойындары «Мангала» (көш­­пен­­ділер ойынында ойналатын ойын) спорт түрі бойынша өздерінің тәжі­рибелерімен алмасты. Одан кейін осы жаздың басында, 2 апта көлемінде, Шу­чинск қаласында Ұлттық құрама  мүше­­лерімен 5-ші Дү­ниежүзілік көшпен­ділер ойынына нақты құрама дайындау мақ­сатында ОЖЖ (оқу-жаттығу жиыны) өткен болатын. Жиында біз басқа да спорт­шылармен білетін тә­жіри­­­беле­­рі­мізбен алмаса отырып дайын­далдық. Биылғы жылғы то­­ғыз­құмалақ ойыны мен алдыңғы өткен Дү­ниежүзілік көшпенділер ойындарының арасында командалық есеп бойынша айырмашылық бар. Яғни, осы­ған дейін командалық есепте ер-жігіттер бөлек, әйелдер бөлек есептелсе, биыл өте­тін көшпенділер ойындарында әйел­дер-ерлер нәтижелері бірге қосылып, ор­тақ ко­мандалық есеп жүргізіледі. Осы­ған дейін тоғызқұмалақ спортынан 4 ал­тын медальға таласқан болса, биыл 3 алтын медальға таласамыз. Олар: жеке­лей әйелдер, же­келей ерлер, әйелдер-ерлер командалық есепте», – деді тоғыз­құмалақ ойыны бойынша ел намысын қорғайтын Ерсұлтан Әуелбай.

Қазақстандағы Дүние­­­­­жү­зілік көшпен­ді­лер ойын­­­дары ұйымдас­­­­­ты­­ру­шы­ла­ры­­­ның мә­­­­­­­­­­­лі­­­­ме­тінше, жа­рыста 370 тө­ре­шінің 110-ы, 1 300 еріктінің 1280-і қазақ­стандықтар. Спорттық ша­­раның басталуы алдында волонтерлер өз жұ­мысына қызу кіріскен. Олардың ойынға дейінгі жұ­мысының басты міндеті – дү­бірлі доданы тама­шалауға әр өңірден, басқа елден келген қонақтарды қарсы алу. 

«Координаторлар тамыз айында бө­лімдерге бөлініп, өз жұмыстарын бірден бастап кетті. Толықтай 1 300 волонтердің тізімі алынып, бөлімдерге бөлінді. Осы аптада толықтай аккредит­телген бейдж­дерін, экипировка­ларын алды. Бөлімдер объек­тілерге бөлініп, жұ­мыстарын бастады. 5-6 күн­дерінен бас­тап делега­ция­­ларды волон­терлеріміз қарсы алып, қонақ­үйлеріне жеткізіп жатыр. Шетелден: Ресей, Фран­ция, Қыр­ғызстан елдерінен волонтерлер келді. Біздің құрамдағы волон­терлер олар­дың қонақ­үйлерге жай­ғасуына көмектесіп жүр. Олар еліміздегі осындай ау­қым­ды ша­ранының мүшесі болуға дайын. Бұның алдында волонтерлер Президентпен кездескен еді. Тағы бір айта кетерім, коор­динаторлар мен тим­лидерлерге арнайы дәріс те өтілді. Спи­керлер келіп, білген­дерімен бөлісіп, жанкүйерлерге мотивация көрсетті десем болады. Күні кеше барлық волонтердің жиыны өтті. Барлығының басын қосып, көрісіп, ерекше рухани күшке ие болды», – дейді БАҚ бөлімі бойынша координатор Сабира Жора­бекова.

Тарихы ұқсас, көшпенділер ұрпағы атанған халықтардың арасында ұйым­дастырылған спорттық жарысқа «фес­тиваль форматындағы сайыс» деп баға бергендер де болды. 

«Осындай ойынның ұйым­­дас­­­­ты­рыл­ғаны да дұрыс. Кейбір спорттық олим­пиадаларда жүлде үшін тартысқа түскен­дер бір-біріне жауласып алатыны бар ғой. Бірақ көшпенділер ойыны, әсіресе, Ор­талық Азия халықтарын бір-біріне жа­қын­дастырады. Менің ойымша, күндіз спорттық ойындардың түрінен сайыстар өткізіп, кешке қатысушы әр ұлттың дәстүрін, музыкасын көрсетіп, керек десеңіз, білім жағынан да жарыстар қосып жіберу керек. Білсеңіздер, көш­­пенділер ойындарының басым бөлігі кү­ресу, ат үстіндегі ойындардан тұрады. Не деген­мен, білекті емес, білімді мыңды жығады», – дейді мәдениеттанушы Бүркіт Аяған. 

Бәсеке болған жерде түрлі көзқарастың айтылуы – заңдылық. Қалай десек те, көшпенділер ойынының негізгі мақсаты – спорттың түр-түрінен әр халықтың мық­тысын анықтап, оларды бөле жару емес, спорттың мықты түрін анықтап, ха­лық­тарды мәдениетаралық комму­ни­кация жағынан жақындастыру екен түсінгеніміз абзал.

С. БЕГІМБАЙ