«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне байланысты 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі атап өтілді.
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл
826
оқылды

Осыған орай Ұлытау облы­сы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ресурстық тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруы­мен «Ұлт ұстазы – Ахмет Бай­тұрсынұлы» тақырыбында жал­пыоблыстық дәріс ұйым­дас­тырылды. 

Дәрістің басты мақсаты  қазақ тіл білімінің негізін салушы, ұлттық мәдениет пен әдебиеттің бастауында тұрған рухани көсем, Алаш қозғалысы көшбасшысы Ахмет Байтұр­сын­ұлының сан қырлы бейне­сінің рөлі мен маңызын таныс­тыру, жастарға ақын өмірін үлгі ете отырып, танымдық деңгей­лерін дамыту болды. Іс-шараға оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Дәрісті қазақ тілі мен әде­биеті пәнінің жоғары санатты ұстазы, магистр Ержан Құр­маш­ұлы оқыды. Дәріс бары­сында жастар Алаш көсемі жайлы слайд көріп, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Сонымен қатар мемлекет­тік тілді насихаттау, мемлекет­тік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту, қазақша интеллектуалды орта құру, қазақтың тарихын, сал-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғылы­мын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, ұстаздар қауымы­мен жұмыс істеу дағдыларын арттыру арқылы зияткерлік ортаға үлес қосу мақсатында  Ресурстық тілдерді дамыту орталығы ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыстың мектеп мұғалімдері арасында «Қазақша Quiz» зияткерлік сайысы да жоғары дәрежеде мәреге жетті. 

Іс-шараға облыстың Жез­қаз­ған, Сәтбаев, Қаражал қала­ларынан, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарынан бір-бір топтан, барлығы 5 топ қатысты. 

Ресурстық тілдерді дамыту орталығының басшысы Ержан Көшербаев қонақтарды Қазақ­стан халқы тілдері күні мере­кесімен құттықтап, қатысушы­ларға сәттілік тіледі. 

Quiz «Тіл-қазына», «Ұлы дала тұлғалары», «Салт-дәс­түрім – қазынам», «Тарихым – түп қазығым», «Мақал-мәтел – ой көмбесі», «Әртүрлі тақы­рып­тар» деген атаумен 6 кезең­ді қамтыды.

Айта кету керек, қатысушы­лар әр кезеңде 6 сұрақтан 36 сұраққа жауап берді.

Қазақша Quiz зияткерлік сайысына қатысушы топ мү­ше­лері өз білімдерін, таным­дық деңгейлерін көрсете білді. «Жүйріктен жүйрік озар жа­рыс­қанда», демекші, әділқазы­лар алқасының шешімімен тартысты өткен сайыс қоры­тын­дыланды.

Жезқазған қаласының «Зе­йін» тобы І орын алса, Ұлытау ауданының «Қазына» тобы ІІ орынға табан тіреді. Ал Қара­жал қаласының «Архимед» тобы ІІІ орынды еншіледі.

Барлық қатысушыға алғыс­хат табысталды.

Тағы да бір мерекелік шара, Жезқазған қаласының 70 жыл­дығына орай өткен «Ақын­дарым – ақиқаттың айнасы» атты кездесу кеші де көрермен жинады.

Кештің мақсаты мемле­кеттік тіл саясатын насихаттау, ана тіліміздің қоғамдағы бел­сенділігін арттырып, қолданыс аясын кеңейту, мәртебесін көтеру болатын. 

Кездесуге облыстың әр өңірінен қарымды қаламгерлер мен жас қалам иегерлері шақы­рылды. Мұса Тілеуұлы мен Мұқанбетқали Сейтқазы бас­таған ақындар тобы өздерінің қалаға арнаған және жыр қоржындарындағы басқа да өлеңдерімен бөлісті. 

«Тілге құрмет – елге құр­мет» деген қағидатты ұстанған Ұлытау облыстық Ресурстық тілдерді дамыту орталығы ал­да­ғы күндері де осындай игі­лікті шараларды қолға алмақ­шы. 

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Ұлытау облысы