Қазіргі таңда шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде Астанадағы медициналық ұйымдар қалай жұмыс істейді?
Астана әкімдігі
1,186
оқылды

Жарыс күндері қалалық емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елордалық әкімдіктің ресми сайты жазғандай, резервтік бейінді палаталарды бөліп, шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.

«103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Өтініштер мен қоңырауларды қабылдау 24/7 жүзеге асырылады. Елордалық стационарлар әдеттегідей белсенділігін төмендетпей, тәулік бойы жұмыс істейді», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.