Спортшылар жамбы ату спорт түрінің мажар стилі бойынша сайысуда.
Астанада Көшпенділер ойындарының алғашқы жарысы өтіп жатыр
Көшпенділер ойындарының баспасөз қызметі
548
оқылды

Елордада Көшпенділер ойындарының алғашқы жарысы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Таңертеңнен бері әлемнің 30-ға жуық елінен келген шабандоздар іріктеуден өтіп жатыр, – дейді ұйымдастырушылар.

Жамбы ату – ат үстіндегі дәстүрлі садақ ату спорты. Жарыстың бұл түріне 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып отыр. Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетіп жатыр делінген ақпаратта.

Көшпенділер ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.