Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Грузияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті.
Әуесқой боксқа оралған Абылайхан Жүсіпов халықаралық жарыста үздік атанды
Фото: olympic.kz. Владислав Семёнов
566
оқылды

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Грузияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті, – деп хабарлайды ҚР ҰОК

Әлем және Еуропа чемпионы Георгий Канделакидің жүлдесіне өткен жарыста Қазақстан командасы 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды. Ал команда құрамында болған Абылайхан Жүсіпов турнирдің үздік боксшысы атанды. 

Абылайхан Жүсіпов – әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021 жылдары), 2017 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатының күміс медаль иегері. Ұлттық құрама капитаны да болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.