"Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ соңғы деректерді жариялады.
Елімізде қай өңірдің жастары көп шаңырақ көтерген?
Ашық дереккөз
665
оқылды

2024 жылдың сегіз айында Қазақстанда 43 мың неке қиылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тіркелген неке саны бойынша көшбасшы Алматы. Онда 14 059 жұп шаңырақ көтерді. Екінші орында Астана – 9 258 неке, ал Түркістан облысы көшбасшыларының үштігінде – ол өңірде 6 132 неке тіркелген.

Бала табу санына келетін болсақ, осы кезеңде Түркістан облысында жаңа туған нәрестелердің ең көп саны тіркелді – 30 973 бала. Одан кейін Алматы (29 002), Шымкент (23 935) және Астана (23 330) тұр.

Ұлытау облысында ең аз бала дүниеге келген. Онда тек 2 821 туу туралы куәлік берілген, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында 4 313 нәресте өмір есігін ашқан.