Желі қолданушылары бақытты болудың сыры не екенін айтып, түрлі пікір қалдырған.
«Нағыз бақыттың не екенін түсіндім»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
8,699
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында нағыз бақытты қалай түсінетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

«Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып-қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде, керім, күштімін, “осы менің бақытым” дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт – ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бақытты болудың сыры жайлы сөз қозғап, түрлі пікір қалдырған.

«Нағыз бақыт – жүректің тыныштығы және деннің саулығы!», «Расымен бақыт дегенің жанның, яғни мидың тыныштығы, жүрек тыныштығы. Сен бақытты болсаң, айналаңа нұр сыйлайсың, гүлдендіре түсесің. Бақыттан басымыз айналып жүре берейік», «Нағыз бақыт – отбасы жылулығы, отбасы татулығы», «Нағыз бақытты таптыңыз. Жүрек тыныштығы» деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.