Бүгін Президент Жарлығымен генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев Халық қаһарманы атағымен марапатталды.
Жастар арасында «Дін жолына түссек болды, Құдай бізге бере береді» деген қате түсінік бар – Сәт Тоқпақбаев
1,103
оқылды

Қазақстанға сіңірген еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа Халық қаһарманы атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырылды. 

Елдің тұтастығы, бірлігі үшін ұзақ жылдар құқық қорғау саласында еңбек еткен генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев «Айқын» газетіне  «Ел үшін еңбек еткенімен бақыттымын» деп сұхбат берген еді. Сұхбатта жастардың келешегі үшін алаңдайтын жағдаяттарға да тоқталды. Оның ішінде жастардың тәрбиесі, қоғамдағы орны туралы қаупін де айтқан болатын. 

«Қазақтың кемшілігі – еліктегіш ұлтпыз. Әсіресе дін мәселесіне келгенде біраз олқы тұстарымыз бар. Біздің ата-бабаларымыз дін мәселесіне де үлкен мән беріп, сабырлықпен қараған. Бет-аузын орап, тұмшаланып алатын жастар арасында «Дін жолына түссек болды, Құдай бізге бере береді» деген қате түсінік бар. Бұл болмайтын іс, еңбексіз ештеңеге қол жеткізу мүмкін емес. Адам қай кезде де қарекет қылу керек. Елеңдеп, бәріне сергек қарап, білгісі келіп отыратыны да қан тазалығынан, бірақ не болса соған еліктемей, сабырлықпен, байыппен қарасақ, ұтарымыз сол болмақ. Жастар еліктеуден сақ болғаны дұрыс, одан гөрі білімдерін жетілдіріп, ізденісін арттырғаны жөн», – дейді Сәт Тоқпақбаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.