Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астанада Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
789
оқылды

Биыл шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас Прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучинск қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамдардың заңға қайшы әрекетіне тосқауыл қою бойынша іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада жүргізілген тінтулер барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде – 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынды.

– Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Жалпы биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды.

41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 1 гранататқыш, 44 жарылғыш құрылғы және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленді, – делінген хабарламада. 

Қарудың заңсыз айналымымен күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.