Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды.
ШҚО-да құны 3,5 миллиард теңгеден асатын есірткі тәркіленді
434
оқылды

ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК-нің облыс бойынша департаменті Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметін әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Заңсыз айналымнан 630 мың бір реттік үлеске баламалы 125 кг астам «мефедрон», 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ тәулігіне 30 кг дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буын зертханалық жабдықтар тәркіленді.

– Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады.

Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Тергеу мүддесі үшін қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.