Ақмола облысында құтқарушы өз-өзіне қол жұмсады

21 жастағы азаматтық қорғаныс лейтенанты асылып өлген.

Ақмола облысы Степногор қаласында өрт сөндіру бөлімінің қызметкері өзіне-өзі қол жұмсады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде Степногор қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан өрт сөндіру бөлімінің аға инженерінің денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Онда 21 жастағы азаматтық қорғаныс лейтенантының асылып өлгені айтылған.

"Полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", – деп мәлім етті Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

ТЖМ баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын толық жарияламады, бірақ қызметкердің өлімі қызметімен байланысты емес екенін мәлімдеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.