Полиция майоры әйелін өлімші етіп сабап, басынан бөтелкемен ұрып, еденге сұлатып тастаған.
Қызылордада әйелін мүгедек қылған полицей сотталды
1,131
оқылды

Қызылорда соты осыдан үш жыл бұрынғы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істі қарады, – деп хабарлады Aikyn.kz.

 

Полиция майоры әйелін өлімші етіп сабап, басынан бөтелкемен ұрып, еденге сұлатып тастаған. Өміріне қауіп төнгенін сезген әйел қорыққаннан балконнан секіріп кеткен. Салдарынан бірінші топтағы мүгедекке айналған.

«2022 жылғы сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына «ауыр» дәрежедегі зиян, ал 2024 жылғы қосымша сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежедегі зиян келгені бекітілген. Жәбірленуші А. материалдық шығын және моральдық зиян өндіруді сұрады», – делінген сот хабарламасында.

Сот полиция майорын кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға соттады. Сонымен бірге ол майор шенінен айырылды. Қаскөй азаматтық талап бойынша 4 054 181 теңге материалдық шығын және 5 000 000 теңге моральдық шығын өндіріп береді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.