Жамбыл облысы Тереңөзек ауылында өзін Томирис деп атайтын Гүлсара Көпбаеваны мектепке шақырып, іс-шара өткізген директор мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан қуылды.
«Томирис патшайымды» мектепке шақырған директор мен оның орынбасары жұмысынан қуылды
Фото: видеодан алынды
6,368
оқылды

Жамбыл облысы Тереңөзек ауылында өзін Томирис деп атайтын Гүлсара Көпбаеваны мектепке шақырып, іс-шара өткізген директор мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан қуылды, – деп хабарлады Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте өтетін іс-шаралардың бәріне бірінші кезекте директор жауапты екенін айта келе, оның тәрбие жөніндегі орынбасарына қатысты қабылданған шараның қайта зерттелетінін айтты.

«Бүгінде мектеп басшысы жазаланып отыр. Ал, енді өткен шаралардың тәрбие жұмыстарына байланысты болғанына орай тәрбие жөніндегі орынбасарына қабылданған шешімнің дұрыстығын анықтау үшін тапсырма бердім. Біз кез-келген мықты, тәжірибелі мамандарды бағалауымыз керек. Егер расында бұл жағдайға тікелей қатысы бар болса, заң алдында жауапкершілікті мойнына алуы керек. Бірақ біз мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарына қатысты мәселені зерделеп көреміз», - деді министр.

Айта кетейік, жақында Жамбыл облысындағы мектепке "Томирис" лақап атымен белгілі бақсы келгені туралы жазған болатынбыз. Мектеп мұғалімдерінен балгермен кездесуге 4 мың теңгеден ақша жиналған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.