Сайысқа 2500-ге жуық азамат қатысты.
Мобилографтар арасындағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы байқау өз мәресіне жетті
Фото: istockphoto.com/ru
1,255
оқылды
Мобилографтар арасында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған байқау өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
 
 
"Конкурс нәтижесіне көңіл толады. Әлеуметтік желілерде Ұлы дала дүбірін жан-жақты насихаттап, белсенділік танытқан барлық қатысушыға ризашылық білдіреміз.
Сайысқа 2500-ге жуық азамат қатысты. Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолиядан да мобилографтар атсалысты. Енді байқауға келіп түскен жұмыстардың қорытындысы туралы баян етейік.
- TikTok желісінде 616 видео жарияланып, қаралым саны 5 779 909 жетті.
- Instagram желісінде 636 рилс жарық көріп, 4 587 129 рет қаралды.
- WhatsApp және Telegram статусындағы орташа қаралымдар – 80 000.
- Жасырын қаралымдар – 19 000.
- YouTube Shorts: қаралым саны – 6 249 178.
Көшпенділер ойындары туралы түсірілген видеолардың жалпы қаралымы – 16 715 216.
Бір қуантарлығы, видеолар ел ішінде өте жылдам таралып жатыр. Мысалы, бір промо-ролик бір күнде 6 миллион рет қаралған. Бұл – үлкен көрсеткіш. Сондықтан байқау аяқталғанға дейін видеолардың қаралымы да арта түсетіні сөзсіз.
Байқаудың қорытындысы келесі аптада шығады", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
 
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.