Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
«Жаратқанға алғысым шексіз»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады
Фото: instagram.com/ aigul_imanbayeva
76,231
оқылды

Жақында тұрмысқа шыққан актриса Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

"Ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы Құдайға деген сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және “Көптің тілеуі көл” деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз. Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелге тән нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын Жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік. “Қуанғанға құт қонады” дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайықты!" – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.