Бағдарламаға актердан бөлек, өнерден алыстап, басқа салада жұмыс істеп жүрген әншілер де келді.
«Мәдениетіміздің төмендеуі»: Медеу Арынбаев белгілі актердің күзетші болып жүргенін көріп, көңілі босады
Фото: видеодан кадр
21,041
оқылды

"Адамдар арасындағы бөлтірік" фильміндегі Гілі-Гілі образымен ел есінде қалған Ерболат Оспанқұлов бүгінде күзетші болып жұмыс істеп жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазақстанға ғана емес, ТМД елдеріне танымал актер зейнетке шығуына 3-4 жыл қалғанын айтады.

«Күзетшімін. Тірі адам тіршілігін жасайды ғой. Актерлар керемет өмір сүреді деп, шет елдің актерімен шатастырып алады-ау деп ойлаймын. Қазіргі заман әркімнің маңдайынан сипайтын заман емес. Есікті ашып жатсаң, көздері бақырайып кетеді. “Сіз актер емессіз бе?” дейді. Бізге де тамақ керек қой. Құдайға шүкір, адал еңбек етіп жатырмын. 140-150 мың табамын. Әйелім кішкене ауырып қалды,” – дейді Ерболат Оспанқұлов.

Медеу Арынбаев бұл көріністі көріп, көңілі босап қалды.

“Бұл – өнеріміздің бағаланбауы. Мәдениетіміздің төмендеп кетуі. Соның бір жағы бұл,” – дейді Медеу Арынбаев. 

Бағдарламаға актердан бөлек, өнерден алыстап, басқа салада жұмыс істеп жүрген әншілер де келді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.