Қазнетте Астанадағы қараусыз қалған ғимараттан 14 жастағы оқушының денесі табылғаны жөнінде ақпарат тарады.
Астанада қаңырап бос қалған ғимараттан оқушы қыздың мәйіті табылды
Фото: pixabay.com
633
оқылды

14 жастағы оқушының денесі Астанадағы №5 мектеп-гимназия маңындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазнетте Астанадағы қараусыз қалған ғимараттан 14 жастағы оқушының денесі табылғаны жөнінде ақпарат тарады. Марқұм – №16 орта мектептің оқушысы.

Астана Полиция департаменті ақпаратты растады.

"10 қыркүйекте Астанадағы №5 мектеп-гимназиясының жанындағы қараусыз қалған ғимаратта оқушы қыздың жансыз денесі жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Кәмелетке толмаған баланың мәйітін тексеру барысында көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады, өлімнің себебі анықталып жатыр. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп түсіндірді полиция.

Оқу-ағарту министрлігі ақпаратты анықтап, мәліметтерді кейінірек беретінін айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.