Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Евгений Леонидович Ермаков айтты.
АЭС тұрақты энергиямен қамтып, тапшылықты өтейді – маман
887
оқылды

Жақында ғана "AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған Халықтық штаб АЭС салудағы маңызды мәселелерді өңірдегі тұрғындарға түсіндіріп келеді.

Қоғамдағы түйткілді мәселелерді талқылауға арналған  TALQYLAU  диалог алаңында АЭС салудың тиімділігі бойынша сарапшылар пікір алмасты. ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық физика институты бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары  Евгений Леонидович Ермаков, Зерттеу реакторы кешенінің бас инженерінің орынбасары Асхат Қауысұлы Бекбаев және техникалық ғылымдар кандидаты, энергетика кафедрасының доценті  Рамиль Махмудович  Ильясов атом энергетикасына қатысты түрлі сұрақтар бойынша нақты жауап беріп, егжей-тегжейлі түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Сарапшылар Қазақстан энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанына тоқталып, жыл сайын күрделене түсетін электр энергиясының тапшылығы бойынша дәйектер келтірді. Сондай-ақ көмір мен мұнай сияқты дәстүрлі ресурстар таусылып жатқандықтан, тұрақты энергия көздеріне назар аударатын кез жеткенін және қазіргі жаңа реакторлар қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен және апаттық жағдайлардың минималды қаупімен ерекшеленетініне тоқталды.

– Энергетика министрлігінің болжамдары бойынша, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 млрд кВт/сағ құрайды деп күтілуде. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр стансалары небәрі 135 млрд кВт/сағ қамтамасыз ете алады. Бүгінде электр қуатының тапшылығын Ресейден келетін ағындар жауып отыр. Бұл энергетикалық тәуелділікке және елдің энергетикалық нарығының қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі. Елімізде 148 жаңартылатын энергия көзінің орнатылғанына қарамастан, олардың қуаты тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. АЭС тұрақты энергия беруді қамтамасыз ете алады және тапшылықты өтей алады, – деді Евгений Леонидович.

Асхан Қауысұлы Қазақстанда АЭС тақырыбына сақтықпен қарайтын көзқарас қалыптасқанын айтып, бұл қорқынышты объективті фактілер арқылы жоюға болатынын жеткізді.

 

– Біріншіден, атом электр стансаларын салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселе. АЭС құнының 40%-ы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады. Екіншіден, Қазақстан технологиялық жағынан әлдеқайда алға кеткен III және III+ буынды атом электр стансаларын салатын болады. Мысалы, Чернобыль атом электр стансасы 1977 жылы, Фукусима АЭС 1971 жылы салынған болатын. Үшіншіден, статистикаға сәйкес, атом электр стансаларында 10 миллион жылда бір ғана ауыр апат болуы мүмкін. Бұл ретте көмір жылу электр орталықтарындағы жарылыс ықтималдығы 80 есе жоғары, – деді ол.

Сондай-ақ Рамиль Махмудович атом электр стансаларының дәстүрлі көмір және газ электр стансаларынан айырмашылығын назарға алып, энергия өндіру кезінде атмосфераға көмірқышқыл газын шығармайтынын айтты.

 TALQYLAU  алаңында жиналған Халықтық штаб мүшелері, «AMANAT»,   Respublika, «Ақ жол», «Қазақстан Халық  партиясы»  өкілдері, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы және жастар қауымы сарапшыларға сауалдар қойып, еркін пікір алмасты.