"Қазгидромет" РМК 12-14 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кең антициклон республиканың көп бөлігінде сақталып, негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етсе де, оны солтүстік суық ағындары толтыра бастайды. Осыған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Тек елдің шығысында және оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөлімдері әсерінен жаңбыр жауып, түнгі уақытта ол қарға айналуы мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.