Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Ұлттық қор­ға­ныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады.
Ынтымақтастық мәселесі қарастырылды
519
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақ­стан мен Түркия арасын­дағы қарым-қатынас екіжақты және көпжақты күн тәртібінің бар­лық бағыты бойынша қар­қынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Президент әріптесі Режеп Тайип Ердоғанға із­гі тілегін жол­­­­­­­дап, екі елдің стратегиялық ын­­ты­мақ­тастығы мен серік­тес­ті­гін одан әрі нығайтудың маңыз­ды екеніне назар аудар­ды.

Өз кезегінде Яшар Гюлер ата­жұртта көрсетілген сый-құр­мет үшін алғыс айтып, Түр­кия­ның Қазақ­стан­мен өзара сенім және қолдау рухындағы бай­ла­ныстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады. Ол елі­міз­­дің бірқатар өңірлік және ха­­­лық­аралық түйткілді шешуге ба­ғытталған күш-жігерін жо­ғары бағалады.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі ел­дің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мә­селесі қарастырылды.