Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студент жастардың басын қосып көшбасшылық кездесу өткізді. Кездесуде ел Президентінің биылғы жолдауын жан-жақты талқылады.
Бірлікті сақтау басты қағидаға айналуы керек
359
оқылды

Университет басшысы жүздесуде әділетті Қазақ­станды құрудағы жастардың рөліне тоқталып, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде орын алып жатқан елеулі өзгерістерге назар аударды.

«Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет» тақырыбындағы шараға фа­культет декандары, ардагер оқытушылар, профес­сор­лар, жас ғалымдар мен білім алушы жастар да белсене қатыс­ты. 

Ректор өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қа­зақ­стан халқына Жолдауы ең алдымен ел экономи­ка­сын жақсартуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, жас­тардың тұлғалық белсенділігін арттыруға негізделген ау­қым­ды жоспарларды қамтығанын жеткізді.

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауда ғылым және жоғары білімді дамыту, үздік университеттердің нақты сек­тормен байланысын нығайту мәселелері ортаға са­лынды. Инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-тех­нологиялық басымдықтарымен үйлестіру, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін арт­тыру қарастырылды. Ұлттық мүдделердің мызғымас­тығы, ұлт өмірінің сапасын арттыру, қауіпсіздік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге де айрықша маңыз берілді. Бұл тапсырмалардың біраз бөлігін университет өмірінде іске асырып жатырмыз, алдағы уақытта да жүйелі жал­ғас­тыратын боламыз», – деді ректор. 

Оқу ордасының басшысы болашақ Қазақстанды дамыту, әділетті қоғам құруда жастарға артылар сенім мол екенін айта келе, ең басты міндет білімді және білікті маман болу екенін атап өтті.

«Президент өз сөзінде: «Біздің ұзақ мерзімге арнал­ған даму жолымыз айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет», – деді. Бұл – жалынды жастардың қолынан келе­тін дүние. Ел бірлігін, өзара татулықты сақтау басты қағидаға айналуы керек. Президент бұған дейін де бірне­ше мәрте айтты. «Тәуелсіздік – ең қасиетті, қастерлі құндылығымыз, ең басты байлығымыз», – деп. Осы баға жетпес құндылығымыздың қадірін біліп, қуатты Қазақ­станды дамыту – жастардың қолында. Әр адамға және бар­шаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни әді­летті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – бар­шамызға ортақ міндет», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

ЖОО ректоры кездесуде ҚР Президенті қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ айрықша үлес қосып отырғанын айтты. «Мемлекет басшысы Жолдауында алдыңғы қатарлы 23 шетелдік жоғарғы оқу орнының ашылғанын атап өтті. Соның екеуі біздің университетімізде ашылды. Атап айтқанда, Мәскеу ұлттық ядролық зерттеу университеті және Солтүстік-батыс политехникалық университеті. Бұған дейін Ыстамбұл және Бішкек қалаларында Президенттің қатысуымен ҚазҰУ филиалы ашылған болатын. Алдағы уақытта Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінде ҚазҰУ филиалын іске қосу жоспарланып отыр», – деді ол. 

Көшбасшылық кездесуде Жансейіт Қансейітұлы оқу ордасы зерттеу мәртебесіне ие болғандықтан, ғылыми әлеуетті дамытуға университет баса назар аударатынын айтты. Сондай-ақ студенттердің емін-еркін білім алуы үшін университетте атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Қорытынды кезеңде ректор студент жастарды уақыт­ты тиімді пайдалануға, жиі кітап оқуға үндеп, баршаға ортақ бейбіт әрі жарқын болашақ құру жолында күш біріктіруге шақырды.