Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астанада ескі ғимараттан 14 жастағы қыздың мәйіті табылды
1,126
оқылды

Астанада иесіз тұрған ғимараттан 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Әзірге полиция мән-жайды ашық хабарлаған жоқ. Ал қыздың денесі жатқан ескі ғимарат мектептің дәл жанында, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Тозығы жеткен екі қабатты ғимарат бұрын балабақша болыпты. Көп жылдан бері қаңырап бос тұр. Оқушы қыздың өлі денесі осы нысанның ішінен табылған.

Сырты қоршалмаған ескі балабақшада көбінесе қаңғыбастар түнеп жүреді екен. Ал қыз баланың ол жерге неге, қашан барғаны әзірге белгісіз. Өйткені марқұм іргедегі мектепте оқымаған.

Қазір қылмыстық іс қозғалды. Полиция жеткіншектің ажалы адам қолынан болды ма, жоқ па, соны тексеріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.