Қазір өрттің нақты себебі анықталып жатыр.
Ақмола облысында жеке тұрғын үй өртенді
761
оқылды

Ақмола облысына қарасты Зеренді ауылында жеке тұрғын үй өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, ауылдағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында гараж шатыры жанып, өрт жеке моншаның шатырына көшкен. 

– Өрт сөндірушілер өрттің көрші ғимараттарға одан әрі таралуына жол бермей, жалпы ауданы 40 шаршы метр болған өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада. 

Өрт болған жағдайда 112 нөмеріне хабарласу қажет.