Шығыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері согралықтармен кездесіп атом электр станциясын салуға қатысты тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
АЭС: Халықтық штаб өкілдері согралықтармен кездесті
776
оқылды

Жуырда ғана "AMANAT" партиясының атсалысуымен Халықтық штаб құрылған еді. Енді штаб өкілдері жер-жерде кездесу өткізіп жатыр. Жалпыұлттық референдумға байланысты АЭС салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері согралықтармен кездесіп, атом электр станциясын салуға қатысты тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

“Елімізде АЭС салуға қатысты мәселе көтерілгелі түрлі пікірлер айтылып, тұжырымдамалар жасалуда. Біз дәлелсіз сөздерге емес, дәйекті ойларға тоқталуымыз қажет. Сондықтан да 6 қазан жалпыұлттық референдумға қатысып өз таңдауыңызды жасаңыздар. Әркімнің пікірі мен таңдауы маңызды болмақ”, – дейді Халықтық штаб мүшесі Анжела Горностаева.

Жалпы әлемдік тәжірибеге сәйкес, атом электр станцияларын пайдалану кезеңінде орта есеппен жоғары және орта арнаулы білімі бар 2000-ға жуық адамнан тұратын қызметкерлерді тарту қажет болады. Бұл ретте, станцияның ядролық мамандықтар бойынша білімі бар жұмысшылары атом электр станциясының өндірістік және өндірістік персоналының шамамен 20%-ын құрайды.

“Шынында да, қазірдің өзінде көршілес мемлекеттерден энергиямен жабдықтауға тәуелділік бар. Энергия тапшылығын жабу үшін Қазақстан Ресей Федерациясынан электр энергиясын жеткізуді жүзеге асырады. Көрші елдерден энергия жеткізуге тәуелділіктің өсуіне жол бермеу үшін АЭС салу маңызды болмақ", – дейді Халықтық штаб мүшесі Аманбай Нуркенов.

Күзет қызметкерлері де АЭС салуды қолдайды

АЭС салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық Халықтық штабтың мүшелері Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі «Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп АЭС құрылысына қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Қазақстанда қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін жаңа буын III немесе III + атом электр станцияларын салу мүмкіндігі қарастырылуда. Сондықтанда қауіпсіздік бойынша үрейленуге негіз жоқ деуге болады», – дейді штабтың мүшесі Осипов Михаил Анатольевич.

Қазақстанда АЭС салу атом индустриясын дамыту үшін және тұтастай алғанда бүкіл экономика үшін мүмкіндіктер ашады. Станцияның 1000 МВт жұмысы көмірқышқыл газының шығарындыларын 7 миллион тоннаға дейін төмендетеді. Жаңа жұмыс орындары пайда болады. Маңызды фактор-генерацияның тұрақты төмен құны және 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуі.