Компания жұмысының еліміздің түрлі саласындағы негізгі аспектілері талқыланды.
Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директорын қабылдады
528
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.

Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.