Электр желісінің тұрақтылығы үшін көмір және атом станциялары сияқты сенімді тұрақты базалық көздер қажет.
Атом электр станциясы – болашақ генерация көзі
537
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған Халықтық штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр. Халықтың  штаб мүшелері Бласов Бекет Жайлаубекұлы, Байғазақова Ирина Тұрсымбайқызы, Седова Людмила Владимировна, Жақанов Марат Жақанұлы Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы «Үштөбе – Айдын» ЖШС-сі мен «Дияр» ЖШС-нің еңбек ұжымымен жүздесіп,  Атом энергетикасының Қазақстан үшін стратегиялық маңыздылығы мен АЭС салудың экономикалық артықшылықтары талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– «Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша 400-ден аса АЭС болса, елімізде салынатын АЭС үлгісі негізінде 200-ден аса  АЭС жұмыс істеп тұр және жобаланған АЭС-терде бүгінгі күнге дейін бірде бір апат болмаған. Оңтүстік аймақ елдегі ең ірі электр энергиясын тұтынушылардың бірі, бірақ сонымен бірге өзінің генерациялау қуаты бойынша тапшы болып қала береді. Алматы облысында АЭС салу өңірді тұрақты және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, бұл тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді», – дейді облыстық мәслихат депутаты, Халықтық штаб мүшесі Бекет Бласов. 

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері белсенді дамып келеді, олардың тиімділігі әртүрлі факторлардың үйлесуіне байланысты. Электр желісінің тұрақтылығы үшін көмір және атом станциялары сияқты сенімді тұрақты базалық көздер қажет. 

- «Дүниежүзі бойынша жаңа реакторларды салуға 40 жоба өзінің келісімін алған болатын. Бұл – үлкен көрсеткіш. Бүгінгі таңда 30 дамыған мемлекетке кіру үшін бізде тиісті генерация көздері болуы керек. Сондықтан өзге мемлекеттерді көріп, энергетика саласының қалай дамып жатқанына тиісті баға беріп, біз атомдық станция болашақ генерация көзі деген тұжырымға келуіміз керек», – дейді Халықтық штаб мүшесі Марат Жақанов. 

АЭС құрылысы электр энергиясының тапшылығын қысқартуға, тарифтердің өсуін тежеуге, экологияны жақсартуға және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткізудің сенімді тәсілі, өйткені көмір станцияларының экология мен адам денсаулығына әсері теріс. Атом энергетикасы барлық параметрлердің, соның ішінде электр энергиясының құны бойынша оңтайлы таңдау.