Белгілі блогер өзінің желідегі парақшасында әзіл-шыны аралас видео жүктеді.
Жалмаң етіп алдымыздан шыға келесіңдер: Мөлдір Анарбаева ақыл айтқыш коучтар мен психологтарды сынады
315
оқылды

Мөлдір Анарбаева коучтар мен психологтардың "ақылы" адамдарды шатастырып біткенін жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Осы күні не істерімізді білмей қалдық. Ертеңіне жоспары жоқ адам, өлген адаммен тең дейді. Ал, біреуі айтады, жоспар дегеннің қажеті жоқ, күнделікті өмірмен өмір сүр дейді. Не болады, сол бола берсін, ертең өлесің бе, тірі қаласың ба, құдай біледі дейді. Шашып, ішіп-жеп, өміріңді сүр деп отыр, сондай кімді тыңдаймыз? Бұлар ертең мыналарға не айтамыз деп оянады ғой деймін?

Ақылдасып айтсаңдаршы құрсын. Біреуің бүгінмен өмір сүр дейсің, енді біреуің ертеңіңді ойла, дейсің. Тыңдамайық десек жалмаң етіп алдымыздан шыға келесіңдер. Бір ұйықтайық десек мазаны алып не жатқызбайсыңдар одан кешке дейін аласұрып өлетін болдық. Бір күні көшеде талып қалмасақ болды», — деді блогер.