Мұндай пікір алмасулар Ақтөбе облысындағы Мәртөк аудандық Халықтық штабтың аудандық орталық аурухана ұжымы арасында өрбіді.
Энергияны тұтыну жыл сайын өсіп келе жатқанын ескеруіміз қажет – Халықтық штаб
510
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған Халықтық штаб өңірлердегі түсіндірме жұмысын жалғастырып жатыр. Сондай жиынның бірі Ақтөбе облысында өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Дәрігерлер АЭС салу экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететініне қызығушылық танытып отыр. Өйткені ұлт саулығы үшін өндірістен зиянды заттардың аз бөлінгені маңызды. Мұндай пікір алмасулар Ақтөбе облысындағы Мәртөк аудандық Халықтық штабтың аудандық орталық аурухана ұжымы арасында өрбіді. 

Штаб мүшесі Қыдырбай Шудабаев атом электр станциялары қоршаған ортаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері бар ағынды су сияқты заттармен ластамайтыны туралы сарапшы мамандардың дәлелді пікірлерін жеткізді. Ол әлемдегі дамушы және дамыған елдердің АЭС-ті пайдаланудағы көп жылғы тәжірибелерін үлгі етті. 

«AMANAT» партиясының Мәртөк аудандық филиалы төрағасы Ануар Искарин атап өткендей, энергетика саласы мамандары ядролық энергияны «жасыл» деп таныған. Бұл энергия көзі жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда, экологиялық жағынан таза. Яғни көмір және газ электр станцияларымен салыстырғанда, АЭС-тің зиянды шығарындыларының көлемі шамалы.

Кездесуде электр энергиясын беруге қатысты өзге де мәселелер айтылды.

– Кейінгі жылдары электр энергиясы төңірегінде мәселелер жиі төбе көрсетіп келеді. Мәселен, ауа райының қолайсыздығының салдарынан Мәртөк ауданында жарық жиі өшіп тұрады. Оның себебі, электр желілерінің 80 пайызы тозған. Оны жаңарту үшін қыруар қаражат қажет. Ал біз қазір 100 миллиард теңгенің үстінде өзге елдерден энергия сатып алып отырмыз. Энергияны тұтыну қарқыны жылма-жыл өсіп келе жатқанын да ескеруіміз қажет, – деді Ануар Искарин.