Жезқазғанда әскери бөлім офицеріне оқ тиді

"Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Рота командирі оқу-жаттығу кезінде оқ жарақатын алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

Оқыс жағдай Ұлттық Ұланның 6505 әскери бөлімінің базасында, жаттығу алаңында атыс кезінде болған.

"Қауіпсіздік шараларын бұзу нәтижесінде офицер аяғынан жеңіл жарақат алды. Сол жерде оған қажетті көмек көрсетілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, өмірлік маңызды органдар зақымдалмаған", – деп хабарлады өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметі.

Себептері мен мән-жайлары анықталуда, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.