Ақтауда жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

Қыздардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Үлкеніне ота жасалған.

Ақтау маңында болған жол апатынан екі бала зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Lada.kz басылымының жазуынша, жол апаты 13 қыркүйек кешкі уақытта болған. Жедел жәрдемге қоңырау сағат 21.07-де түскен. Жол апатынан 2008 және 2022 жылы туған екі қыз зардап шекті. Олар ауыр халде Ақтау қаласындағы өңірлік балалар ауруханасына жеткізілді. 

Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Қыздардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Үлкеніне ота жасалған. Дәрігерлер әлі нақты мәлімет бермеді. Облыстық Полиция департаменті өкілдері көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Тергеу жүргізіліп жатыр, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. 

https://youtu.be/P1dkws-Z8sE

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.